Мәжілісте жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны айтылып қалды

18:23, 11 сәуір 2025

© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Депутат Дания Еспаева 2025 жылғы 11 сәуірде Мәжілісте Салық кодексінің жобасын талқылау кезінде құжаттың 1 шілдеге дейін Мемлекет басшысына қол қоюға берілетінін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол заң жобасына қатысты түзетулер 15 сәуірге дейін қабылданатынын баса атап өтті. Оның айтуынша, заң жобасының екінші оқылымы 30 сәуірге жоспарланған.

"Уақыт өте аз қалды. Берілген мерзімдер тым қысқа, бірақ соған үлгеруге міндеттіміз. Жоғарғы палата құжатты қарап үлгеруі, оны 1 шілдеге дейін Мемлекет басшысына қол қоюға беруі үшін біз бірінші оқылымды қысқа мерзімде қарап шығуға тиіспіз", - деді Дания Еспаева.

Бұған дейін Қазақстанда жоғары табыстарға прогрессивті салық салымы шкаласын енгізу қарастырылып жатқаны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!