Экология министрлігі: Салтанат Темірқұлқызы ведомствоның дамуына өлшеусіз үлес қосты

15:28, 3 тамыз 2020

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Азаматтық альянсының президенті, экономика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері, профессор Салтанат Темірқұлқызы Рақымбекованың отбасы мен туғандарына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Министрлік құрылғаннан бері Салтанат Темірқұлқызы ведомствоның дамуына өлшеусіз үлес қосты. Қоғамдық кеңесті басқарып, елімізде экологиялық білім беруді ілгерілетуде көп жұмыстар атқарды. Қазақстанда "жасыл" қозғалыс құруға зор үлес қосты. Ол қашанда жаңа бастамалар көтеріп, саладағы әр іске жаны күйіп жүретін", делінген министрлік таратқан хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!