Екібастұзда 150-ден астам жүргізуші тұрақ ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартты
© Фото: Zakon.kz
Екібастұз өңірінде полиция қызметкерлері 150-ден астам жүргізушіні тұрақ ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көбіне мектептер мен балабақшалар маңында тұрақ ережелерін бұзғандарға шағымдар түседі. Әсіресе балаларды мектепке апарып-әкелу кезіндегі қарбалас уақытта бұл мәселе өзекті болуда.
Мұндай заңбұзушылықтар жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырып қана қоймай, ата-аналардың балаларға үлгі көрсетуі тұрғысынан да теріс әсерін тигізеді.
Заңға сәйкес, жүргізуші мектеп маңында көлігін жол жиегінде тоқтата алады, бірақ бұл тек жолаушыны отырғызу немесе түсіру үшін ғана жүзеге асырылуы тиіс. Бұл әрекет тұрақ емес, аялдама деп саналады. Ал егер жүргізуші көліктен түсіп, баланы қауіпсіздік орындығына не шығарып, мектепке апарып қайтса, бұл тұрақ деп есептеледі.
"Аялдаманы тұрақтан ажырата білу маңызды. Мысалы бала көліктен түсіп, жүргізуші оны орнына отырғызбай, жылдам кетіп қалса – бұл аялдама. Ал көлік иесі ұзақ уақытқа көлігін қалдырып, өз шаруасымен жүрсе – бұл тұраққа жатады", – дейді полиция қызметкерлері.
Тағы бір өзекті мәселе – мүгедектерге арналған тұрақ орындарының заңсыз иеленілуі. Мәселен, Instagram желісіндегі @up.ekibastuz парақшасына азаматтардан шағым түсуде.
"Гринвичте мүгедектерге арналған тұрақ белгісінің жанында көлік тұр. Мен мүгедекпін, көлігімді қоюға мүмкіндік жоқ. Осы заңбұзушылық бойынша шара қабылдауыңызды сұраймын", – деп жазған бір азамат.
Тұрақ ережелерін бұзу фактілерінің айтарлықтай бөлігі бейне немесе фото арқылы азаматтардың қырағылығының арқасында анықталды.
Мәселен, "Шахтер" дүкенінің маңында жүргізуші тротуарда тұрақтағаны туралы шағым түссе, тағы бір хабарламада: "Жаяу жүргіншілер жолын көлік жауып тастағандықтан, балалар арбасымен өте алмаймыз. Шара қолданыңыздар!" – делінген.
Полиция департаменті тұрғындарға құқық бұзушылықтың куәсі болған жағдайда 102 нөміріне немесе "Police 102" мобильді қосымшасына хабарласуды ұсынады. Сондай-ақ, Instagram желісіндегі @dp_pavlodar және @up.ekibastuz парақшаларына шағым жіберуге болады.
Ішкі істер органдарының басты міндеті – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысының қауіпсіздігін қолдау.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:27, 17 қаңтар 2025
Ауа райы болжамы: 18 қаңтарда қай өңірлерде қар жауатыны болжанады
-
18:18, 17 қаңтар 2025
Қазақстан жанар-жағармай мен дизель отынына қолданылатын мемлекеттік реттеудің күшін жоймақ ниетте
-
18:11, 17 қаңтар 2025
Тоқаев халықаралық ауыр атлетика федерациялары басшыларымен кездесті
-
18:11, 17 қаңтар 2025
Тоқаев Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президентін қабылдады
-
17:37, 17 қаңтар 2025
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшысы қызметінен босатылды