Дзюдодан АЧ: Қола медальға таласқан Қазақстан құрамасы Жапониядан ұтылып қалды

16:28, 7 тамыз 2022

© Сурет: fdk.kz

Қазақстан дзюдодан 2022 жылғы Азия чемпионатында медаль есебі бойынша төртінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 7 тамызда, қорытынды күні командалық жарыстар бойынша медальдар сарапқа салынды. Қазақстан құрамасы қола медаль үшін осы спорт түрінің негізін қалаушы – Жапония құрамасымен бақ сынасты, деп хабарлайды "Спорт Шредингер" Telegram-арнасы.

Қазақстан бастапқыда 2:0 есебімен жеңіске жетті, өйткені жапондықтар толық құрамда ойнамады, бірақ біздің балуандар осы басымдықты сақтай алмады, соңында 3:4 есебімен ұтылып қалды.

Данияр Шамшаевтың ұпайы маңызды рөл атқарды.

Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатында 8 медаль ұтып алды: бір алтын, екі күміс және бес қола.

Үздік үштікті Жапония (12 жүлде, оның тоғызы - алтын), Моңғолия (7 жүлде, оның екеуі - алтын) және Өзбекстан (9 жүлде, біреуі - алтын) командалары түйіндеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!