Дұрыс болды! Карантин қазақтың тойға деген әуестігін тежеп тастады

13:19, 18 мамыр 2020
125

Тойды сағынған қазақстандықтар ортада тост айтып, би билеуді әлі біраз күтетін сияқты. Еліміздің бас санитар дәрігері биыл елімізде той-томалаққа тыйым салынатынын айтты. Ал мұндай көңілді кештерді жас жұбайлардан да асыға күткен асабалар мен мейрамхана иелері шығынға шаш етектен батып жатыр.

Қоғам белсенділері тойдың уақытша тоқтауы халықтың өз ақшасын үнемдеп, қаражатын жинауға септігін тиізеді десе, экономистер мұны жамандыққа балап отыр.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ақ көйлек киіп, әлемдегі ең сұлу қалыңдық болуды армандайтын арулар қаншама! Иә, ол арман да біраз уақыт орындалмайтын сияқты. Себебі елімізде тойларға тыйым салынып, кейінге шегерілді. Ал қалыңдықтар үшін "карантин" құдды бір мұңға айналғандай

Белла Закарянова, дизайнер:

"Наурыз айына яғни 20 наурыз менің тойым ұзату жақ. 22 наурыз үйлену жақ тойын белгілеп қойған едік. Осы екі ай бойы үлкен дайындық болды. Әрине алғашқы сезімде қалай сонда бәрі дайын ғой екі жақтың тойы көйлегі дайын кәдімгідей бір мен өзім сәнгер болғаннан кейін показ моды жасаймын деген едім. Біртүрлі сезімдер болды".

"Тойға барғым келеді. Ақ боз атты мініп ап, Тойға барғым келеді әйелімді алып ап. Тойға барғым келеді қызыл галстук тағып ап".

Иә, екі ай бойы тойға бармаған жұрттың осылай әндетіп отырғаны белгілі. Бар тапқан-таянғанын шашып, аста - төк думан жасайтын еліміз үшін бұл күтпеген жағдай болған еді. Бірақ, қоғам белсендісі "тойды мақтан үшін жасайтындар үшін, уақытша тыйым салынғаны дұрыс болды. Бір жағынан, тойсыз да жастардың бас қоса алатындығын, түрлі қуаныштарды атап өтуге болатындығын карантин дәлелдей түсті", дейді

Айша Құрманғалиқызы, қоғам белсендісі:

"Негізі дұрыс болды. Той тоқтамай-ақ қойсын, атап өтсін. Бірақ өзінің ең жақын деген адамдарының арасында. Ол үшін кредит алудың қажеті жоқ. Бұның мысалы ешқандай жастарға беретін олардың болашақ өміріне ешқандай әсері ешқандай тәрбиелік мағынасы жоқ. Тек қана қалтаны шығындату. Осы карантин негізі адамдардың той туралы ой-санасына, түсінігіне үлкен өзгеріс енгізді деп ойлаймын".

Ал, экономист той-думандардың тоқтатылуы осы индустриядан нәпақа тауып отырғандар үшін үлкен соққы болғандығын алға тартады. Бірақ, елге келген індет қазақтың тойға деген әуестігін сәл де болса тежейді деген үмітте.

Жангелді Шымшықов, экономист:

"Өйткені әрбір аудан орталығында, әрбір облыс орталығында осы небір адамдар осы тоймен күн көріп, сонымен табыс тауып жатыр. Бала-шағасын асырап жатыр дегендей. Енді оларға үлкен соққы болды. Бұл тұрғындардың сұранысы. Сондықтан да бұл сұраныстың кемуі бұл экономикаға зиянды нәрсе. Коронавирус біздің сәл де болса тым шектен шығып бара жатқан тойға деген әуестігімізді тежегені оң өзгеріс".

Қазақтың тойы бітпесін деп ұрандатып жүретін асабалар қауымына да пандемия кері әсерін тигізгені сөзсіз. Мәселен, тойдың нағыз қызатын шағында төтенше жағдай жарияланып, жұмыссыз қалды. Десе де, көп уақыт тойсыз қалғандығының әсері ме екен асабалар табысынан қағылғандарға түсіністікпен қарап, алдағы тапсырыстарының бағасын төмендетіпті.

Нұржан Бейсенов, асаба, той ұйымдастыру орталығының директоры:

"Тапсырыстар заказдар келіп жатыр. Бірақ жүз пайыз ешкім кепілдік бере алмайды. Нақты күніні белгілеп жатқан жоқпыз. Дегенменде шілде айына, тамыз айына, қыркүйек айына тапсырыстар келіп жатыр. Көп клиенттер, көп заказшиктер бізге де дұрыс көзқараспен қарап ақшамызды, жасаған предоплаталарын қайтарып беріңдер деп жатқан ешкім жоқ. Басқа күндерге, басқа айларға ауыстырайық тіпті келесі жылға ауыстырып жатқандар бар".

Халықтың қазынасына, әншілердің табысына айналған той өнер жұлдыздарынсыз өтпейтін болды. Қалталылар көк қағазды шашып шақырса, қарапайым халық кредит алып әлек. Десек те, күн-түн демей гострольдетіп жүретін өнер иелері үшін тойдың тоқтағаны жақсы әсер етіпті. Өйткені осы уақыт аралығанда отбасы мен балаларына көңіл бөле бастаған. Ал, тойдың көркін қыздырып жүретін Шымкенттік әнші карантинге өкпем жоқ, дейді.

Арай Ғалымжанқызы, әнші:

"Мен үшін жақсысынан әсер етті. Әсер етіп жатыр. Ұйқымыз қанып жатыр. Бала-шағамызды, үйімізді көріп, ненің бар, ненің жоқ екенін байқап жатырмыз. июнь, июль, август жәймен келіп жатыр".

Тәртіпке бағынған құл болмайды. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов "тойға байланысты, ең алдымен, келетін азаматтар емес, сол тойды жасайтын азаматтар ойлануы керек. Неге десеңіз ол өзінің ғана емес, келетін азаматтардың өміріне болашақта қауіпті болуы мүмкін. Осы жағын ойластыратын болса, азаматтар біз қабылдап отырған шешімдерді түсінеді деп ойлаймыз", – деген болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір