Дубайда қазақстандық қыз жұмбақ жағдайда көз жұмды
Дубайда жұмыс істеп жүрген қазақстандық азаматша жұмбақ жағдайда көз жұмды.
Жергілікті полиция отандасымыздың өз-өзіне қол жұмсағанын айтуда. Алайда марқұмның туыстары мұнымен келіспейді. Умида Сабырова мектепті үздік тамамдаған. Оның үстіне жеңіл атлетикамен кәсіби түрде айналысқан екен. Ағылшын тілін үйреніп, өткен жылдың тамыз айында Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс істеуге кеткен.
Әпкесі Манзура Сабырованың сөзінше, Умида ол жақта оқуына ақша жинап, жақындарына да қаржылай көмектескен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Манзура Сабырова, Умида Сабырованың әпкесі:
"Сіңілімнің мүрдесін елге жеткізсе деймін. Ұшақтар ұшып жатыр емес пе?! Мені көріп тұрсаңыздар, барлық елшілерден, біздің Президентімізден көмек сұраймын!"
Манзура Сабырова сіңілісінің өз өмірін қиғанына сенбейді. Оған себеп те жоқ емес.
16 наурыз күні байланысқа шыққан Умида өзін шетелден алып кетуді өтініп, бәз-біреулердің оны аңдып жүргенін айтқан. Пандемияның таралуына байланысты ол кезде қандай да бір шара қабылдау мүмкін болмапты.
Ал еліміздің сыртқы істер министрлігі осы жағдайды бақылауда ұстап отырғандарын айтады. Ресми органнан "Мүрдені елге жеткізу мәселесі осы аптаның соңына дейін шешілуі тиіс", - деген жауап алдық.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:21, 25 наурыз 2026
Ақтауда бесінші қабаттан секіріп кеткен қыздың жағдайы белгілі болды
-
20:12, 25 наурыз 2026
2026 жылғы Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық боксшылар белгілі болды
-
19:50, 25 наурыз 2026
Атыраудағы сауда ойын-сауық орталығында жасөспірім биіктен секірген
-
17:30, 25 наурыз 2026
Скляр Қытай парламентінің төрағасымен кездесті
-
16:56, 25 наурыз 2026
26 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды





