Досаев Германияның жаңа Бас консулы Маттиас Кислермен кездесті
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Ерболат Досаев тамыз айында қызметіне кіріскен Германияның жаңа Бас консулы Маттиас Кислермен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 20 қарашада қала әкімдігі мәлімдеді.
Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық перспективасы, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіне, денсаулық сақтау, экология және цифрландыру саласына инвестиция тарту мәселелері талқыланды.
"Құны 75 млрд теңге болатын жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын зауыт құрылысына назар аударылды, ол 300 жұмыс орнын ашады. Жобаны Германиядан келген инвестор Алматы индустриялық аймағының аумағында жүзеге асырады",- делінген әкімдік ақпаратында.
Сонымен қатар, энергетика саласына арналған жабдықтар мен компоненттер өндірісімен айналысатын жетекші трансұлттық компаниялардың бірінің аймақтық сервис хабын орналастыру мүмкіндігі қарастырылды. Бұл хаб Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі энергетикалық компанияларға қолдау көрсете алады.
Алматы мен Германия арасындағы тауар айналымы биылғы 9 айда 1 млрд АҚШ долларынан асты. Қалада неміс капиталының қатысуымен 396 кәсіпорын жұмыс істейді, бұл Қазақстан бойынша осындай кәсіпорындардың үштен бірі. Тараптар қарым-қатынасты нығайту мен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайындық туралы уағдаласты.
Бұған дейін Қазақстанның бүкіл өңірінде 21 қарашада дабыл белгісі қосылатындығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:28, 20 қараша 2024
Бектенов Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысында: Ғылыми зерттеулердің нәтижесін көруіміз керек
-
16:51, 20 қараша 2024
Мажарстанда Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
-
16:44, 20 қараша 2024
Павлодар облысында терезеден қоқыс лақтырған тұрғын жазаланды
-
16:21, 20 қараша 2024
Қазақстандықтарға Украинадан кетуге кеңес берілді
-
16:21, 20 қараша 2024
Қазақстандықтарға Украинадан кетуге кеңес беріледі