Донердің ішінен телефон шықты: Ақтөбеде сотталушыға тыйым салынған зат жеткізбекші болған
© Сурет: Polisia.kz
2026 жылдың 10 тамыздағы Ақтөбе облысы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің мәліметінше, сотталған адамға тыйым салынған зат жеткізбек болған екі жағдайдың жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми дерекке сәйкес, 10 тамызда Ақтөбедегі №8 мекемеде ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен мекеме қызметкерлері бірлесіп "Тосқауыл" режимдік-профилактикалық іс-шарасын өткізген.
Тексеріс барысында тәртіп сақшылары ЖШС жүргізушісінің шалбарының қалтасынан 20 мың теңге көлеміндегі ақша тәркілеген.
Содан кейін тағы бір сотталушыға жеткізілген сәлемдеме тексеріліп, азық-түлік арасындағы донердің ішіне жасырылған ұялы телефон анықталды.
Бүгінде осы факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 481-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.
ҚАЖ мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды ішке кіргізуге жол бермеу мақсатында бақылау шараларын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Мекеме басшылығы азаматтарды ҚАЖ мекемелеріне барған кезде белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Сотталғандарға тыйым салынған заттарды беруге немесе жеткізуге жасалған әрекеттер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатындығын қатаң түрде ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:45, 11 тамыз 2026
Алматыда Центральная көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады
-
14:32, 11 тамыз 2026
Байланыс операторларының қоңыраулары қалай таңбаланады
-
14:28, 11 тамыз 2026
Қазақстандықтардың өтініштері 15%-ға азайды – Әділет министрлігі
-
14:20, 11 тамыз 2026
Қазақстанда eGov порталының жаңа нұсқасы іске қосылды: оның қандай артықшылықтары бар
-
14:12, 11 тамыз 2026
11 тамыздан бастап Алматыдағы көлік көп жүретін көшелердің бірінде қозғалыс өзгереді





