Дональд Трамп Газаны «бостандық аймағына» айналдыруға уәде берді
© Фото: flickr/White House
2025 жылғы 15 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Катардағы бизнес-форумда сөйлеген сөзінде АҚШ-тың Газа секторын бақылауға алып, оны "еркіндік аймағына" айналдыру жоспарын растады, деп хбарлайды Zakon.kz.
NDTV мәліметі бойынша, 2025 жылдың ақпан айында Трамп алғаш рет Газа туралы өз идеясын ұсынған болатын. Бұл кезде Трамп АҚШ-тың Газаны қайта құрып, палестиналықтарды басқа жерлерге көшуге мәжбүр ететінін айтты. Аталмыш жоспар әлемдік деңгейде қарсылық туғызды: палестиналықтар, араб елдері және БҰҰ бұл әрекетті этникалық тазалаумен тең деп мәлімдеді. Айта кетейік, Газа халқының басым бөлігі, 2,3 миллион адам, ішкі босқындардан тұрады.
Трамп ұшақтан түсірілген суреттерді көргенін, онда бүтін ғимараттың қалмағанын айтты. Оның пікірінше, адамдар төзгіссіз жағдайда, қирандылардың астында өмір сүріп жатыр
"Мен Газаның еркіндік аймағына айналғанын қалаймын. Егер ол АҚШ-қа тиесілі болса, мен қуанышты болар едім. Біз оны еркіндік аймағына айналдырар едік. Жақсылық болсын", – деді Трамп.
Палестиналықтар Газадан кетуді ұсынатын кез келген жоспарға қарсы шығуда. Мұндағы халық өзге жердегі өмірден, өз үйлерінің қирандыларындағы өмірді артық көретінін айтты.
Бұған дейін Түркияда тағы жер сілкінгендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:55, 1 мамыр 2026
Қазақстан бойынша 2 мамырға дауылды ескерту жарияланды
-
17:36, 1 мамыр 2026
БҰҰ: Ормуз ашылмаса, инфляция шарықтайды
-
17:13, 1 мамыр 2026
Маңғыстау полициясында 50-ден астам ұлт өкілдері қызмет етеді
-
16:56, 1 мамыр 2026
Алматыда жаппай төбелес адам өлімімен аяқталды
-
16:40, 1 мамыр 2026
Алматы ауа райы құбылмалы: жаңбыр, жел және кенет жылыну күтіледі





