Доллар қымбаттай ма? Ұлттық банк төрағасы жауап берді
© Фото: zakon.kz
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 10 шілдеде доллар бағамының өсу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, Қазақстан жақсы макроэкономикалық көрсеткіштерді көрсетіп отыр.
— Алдағы уақытта доллар деңгейіне қатысты айтар болсам, бұған дейін айтқанымдай, экономикамыздың іргетасы мықты. Өткен жылы төлем балансы тапшылықпен жабылды, ал биыл, болжам бойынша, профицит болады. Бұл — өте жақсы макроэкономикалық көрсеткіш. Импорт көлемі шамамен сол деңгейде сақталып отыр, сәйкесінше валютаға деген қосымша үлкен сұранысты да байқап отырған жоқпыз, — деді Сүлейменов.
Ол осы факторларды ескере отырып, доллар бағамы айтарлықтай өзгермейді деп санайтынын атап өтті.
— Сондықтан қарапайым экономикалық және нарықтық талдау тұрғысынан алғанда, доллар бағамы қатты өзгермейді. Оның өз маусымдық ерекшеліктері, белгілі бір көрсеткіштері бар. Бірақ олардың барлығына қатысты нақты болжам айтпаймын, өйткені бұл мәселеге нарық жауап береді, — деді Ұлттық банк төрағасы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:56, 10 шілде 2026
Қазақстанның қай өңірлерінде ауа температурасы +46°C-қа дейін көтеріледі
-
17:36, 10 шілде 2026
Тоқаев Сапаровты қабылдады
-
17:36, 10 шілде 2026
Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады
-
17:27, 10 шілде 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 11 және 12 шілде
-
17:10, 10 шілде 2026
Ернұр Мырзахмет ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды





