Дмитрий Попко Мексикадағы турнирде жеңіске жетті

17:02, 31 наурыз 2025

© Сурет: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (АТР 245) Мексиканың Морелия қаласында өткен ATP Challenger 125 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 95, осы жарыстың 1-ракеткасы Джеймс Даквортпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда Дакворт басымдық танытты — 6:1. Бұдан кейін Попко камбэк жасап, таразы басын аудара білді — 6:2, 6:4.

Бір сағат 47 минутқа созылған финалдық матчта Дмитрий 8 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Осылайша, 28 жастағы қазақстандық теннисші спорттық жолында екінші челленджер додасының жеңімпазы атанды.

Ол 28,4 мың АҚШ доллары көлемінде табыс тауып, 125 рейтингілік ұпайға ие болды.

Попко ATP жаңартылған рейтингісінде 175-орынға көтерілді.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!