Димаштың «Бір аспан тарихы» атты жаңа бейнебаяны жарық көрді

10:46, 25 қыркүйек 2022

© Сурет: dimashnews.com

23 қыркүйекте Димаштың Алматыдағы жеке концертінде әртістің «Бір аспан тарихы» авторлық композициясының премьерасы өтті. 24 қыркүйекте әртістің жанкүйерлермен фан-кездесуінде көрермендер алғаш рет осы туындының бейнбаянын тамашалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көптеген музыкалық тақырыптар мен тәсілдерді пайдаланатын күрделі туынды – Димаш Құдайбергеннің үш жылдық композиторлық еңбегінің нәтижесі, деп жазады Dimashnews.com.

Фильм Димаштың өзі жазған әңгімесінің желісі бойынша, оның сценарийі бойынша түсірілді.

Бұл клип соғыс туралы емес, бейбітшілік туралы. Мұндағы соғыс – бір-бірімізге деген сүйіспеншілікті жоғалтқан кезде болатын нәрселердің контрастын білдіретін құрал. Балаларымыздың өмірін, сүйіспеншілігін, достығын, жерін сақтау үшін ұлттық, әлеуметтік, діни ұстанымдар бойынша бір-бірімізді бөлуді тоқтатуға, бірлікке шақыру туралы. Бейнебаянның режиссері Алина Верипя

Бұл бейнебаянның тизері 2022 жылы 12 қыркүйекте жарияланған болатын. Ол "әлемдегі ең қымбат бейнебаян" деп аталды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!