Димаш Құдайберген Латвиядағы әйгілі сахнада өнер көрсетеді

10:30, 11 желтоқсан 2025

© Сурет: dimashnews

2025 жылғы 12 желтоқсанда Димаш Құдайберген Латвияның Xiaomi Arena атты ең танымал аренасында өзінің "Stranger" шоуын қояды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Латвиядағы ең үлкен концерттік алаңға 11–14 мың көрермен сыяды. Арена 2006 жылы мұздағы шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізу мақсатында салынған. Сондай-ақ аренада хоккей матчтары, баскетбол турнирлері, ауқымды фестивальдер мен ұлттық мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

Сурет: dimashnews

Бұл ретте, әлемдік деңгейдегі көптеген өнер жұлдыздары дәл осы әйгілі сахнада өнер көрсеткен. Мұнда Брайан Адамс, Deep Purple, Depeche Mode, Эд Ширан, Энрике Иглесиас, Эрос Рамаццотти, Кэти Перри, Ленни Кравиц, Линкин Парк сынды өзге де танымал топтар мен жеке орындаушылардың шоулары өткен.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің БҰҰ-ның дүниежүзілік ізгілік елшісі болып тағайындалғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!