Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау құзыреті мемлекеттік органға беріледі
© Фото: pexels
Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін жоба әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, қағидалардан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нарықтан іріктеу тәртібін реттейтін нормаларды алып тастау ұсынылып отыр.
Бұл түзету тәуекелге бағдарланған тәсілді ескере отырып, сапасы бақылауға жататын өнімдердің үлгілерін іріктеу өкілеттігін мемлекеттік органға беруге байланысты енгізілмек.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жобаны қабылдау:
- бірін-бірі қайталайтын құқықтық нормаларды жоюға;
- мемлекеттік сараптама ұйымы мен мемлекеттік органның өкілеттіктерін нақты ажыратуға;
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Оны қоғамдық талқылау 15 қыркүйекке дейін жалғасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:15, 31 тамыз 2026
Ғизат Нұрдәулетов Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды
-
14:07, 31 тамыз 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Аида Балаеваны жаңа қызметке тағайындады
-
13:34, 31 тамыз 2026
Доллар бағамы қатты өзгереді: Ұлттық банк жыл соңына дейінгі болжаммен бөлісті
-
13:18, 31 тамыз 2026
Ақтауда катер жартасқа соғылды: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
-
13:11, 31 тамыз 2026
Эквадорда ресейлік әйел сирек кездесетін игуаналарды заңсыз әкетпек болған





