Арықтауға арналған дәрілердің жаңа қаупі анықталды: ғалымдар не дейді
© Фото: unsplash
Зерттеушілер GLP-1 негізіндегі арықтауға арналған танымал препараттарды қабылдаған адамдар арасында Вернике энцефалопатиясының 15 жағдайын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зерттеу нәтижелерін Fox News жариялады. Нақтылай кетсек, жағдайлардың басым бөлігі Ozempic және Wegovy атауларымен белгілі семаглутид, сондай-ақ Mounjaro және Zepbound препараттарымен байланысты болған.
Вернике энцефалопатиясы В1 дәруменінің (тиамин) тапшылығы салдарынан дамиды. Оның белгілеріне сананың шатасуы, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, жүру және көру проблемалары жатады. Уақытылы емделмеген жағдайда ауру мидың зақымдануына, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, GLP-1 препараттары тәбетті төмендетіп, жүрек айнуы мен құсуға себеп болуы мүмкін. Соның салдарынан адам ағзасына қажетті қоректік заттар жеткіліксіз түсуі ықтимал.
Ұзақ уақыт бойы құсатын, салмағын өте жылдам жоғалтатын, бариатриялық операциядан өткен немесе алкогольді шамадан тыс тұтынатын адамдар қауіп тобына кіруі мүмкін.
Сонымен қатар ғалымдар анықталған жағдайлар препараттар мен аурудың дамуы арасында тікелей себеп-салдарлық байланысты дәлелдемейтінін атап өтті.
Сарапшылар тағайындалған емді өз бетінше тоқтатуға болмайды дейді Алайда қатты немесе ұзақ уақыт бойы жүрек айнуы мен құсу байқалса, дәрігерге қаралу қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:38, 14 қыркүйек 2026
Дербес деректердің қауіпсіздігі бұзылса, кім және қашан хабарлауға тиіс
-
12:31, 14 қыркүйек 2026
Астана-Петропавл тасжолында жол апаты болып, екі адам зардап шекті
-
12:23, 14 қыркүйек 2026
Итальяндық пилот «Формула-1» жарысында жеңіске жетті
-
12:19, 14 қыркүйек 2026
Шүкір сарқырамасы маңында жарақат алған 16 жастағы қыз құтқарылды
-
12:11, 14 қыркүйек 2026
Жаз қайта оралады: Қазақстанда күн +30°C-қа дейін жылынады





