Астанада қиын жағдайға тап болған үш жасар бала құтқарылды
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
27 қарашада елордада көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінің бірінде әкесі дүкенге шығып кеткенде үш жасар бала есікті іштен бекітіп алған. Содан кейін есікті ашу мүмкін болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Оқиға елорданың көпқабатты үйлердің бірінде орын алған. Балақай әкесі дүкенге шығып кеткенде есікті байқаусызда бекітіп, қайта оны аша алмай қалған. Мазасызданған ата-ана 112 қызметіне хабарласқан. Құтқарушылар альпинистік жабдықтардың көмегімен шатырдан 9-шы қабаттағы пәтерге балкон арқылы кіріп, баланы тыныштандырып, есікті іштен ашты. Кішкентай қожайын зардап шеккен жоқ", делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Министрлік ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:18, 27 қараша 2024
Тоқаев Қазақстан мен Ресей бизнесіне келтірілетін кедергілерді жою маңыздылығын атап өтті
-
22:13, 27 қараша 2024
Тоқаев еліміздің үш қаласында салынатын ЖЭО бойынша РФ-мен әріптестік жайына тоқталды
-
22:05, 27 қараша 2024
Ресейден Қазақстанға газ жеткізу мәселесі пысықталып жатыр
-
21:41, 27 қараша 2024
Тоқаев ҚР мен РФ-ның отын-энергетика саласындағы жобаларына тоқталды
-
21:28, 27 қараша 2024
Омбыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылды