Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәсілдерін жаңартады
© Фото: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық дәрілік формулярды қалыптастыру қағидалары, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоба Қазақстанның Ұлттық дәрілік формулярын қалыптастыру тәсілдерін жаңартуды, пациенттерді амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібін, сондай-ақ Бірыңғай дистрибьютор арқылы дәрілік заттарды сатып алу рәсімдерін жетілдіруді көздейді.
Бастаманың негізгі міндеті – дәрілік заттарды мемлекеттік тізімдерге енгізудің бірыңғай, ашық және ғылыми негізделген тетігін енгізу.
Жобаны іске асыру формулярды қалыптастырудың нақты тәртібін айқындауға, халықты амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін жүйелеуге және сатып алу процестерін регламенттеуге мүмкіндік береді, өз кезегінде дәрілік қамтамасыз ету жүйесін басқарудың тиімділігін арттырады.
Аталған шараларды енгізу халық үшін сапалы әрі қауіпсіз дәрілік препараттардың қолжетімділігін арттыруға, барлық пациенттер топтарын, оның ішінде сирек кездесетін аурулары бар адамдарды тұрақты әрі уақтылы дәрілік қамтамасыз етуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ сатып алу рәсімдері кезінде тапшылық пен кідірістер тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
Бұл жұмыс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі саясатының бір бөлігі болып табылады.
Құжат 30 наурызға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:57, 16 наурыз 2026
16 наурыздағы сауда-саттықта теңге барлық валютаға қатысты нығайды
-
15:44, 16 наурыз 2026
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығы қаза тапты
-
15:35, 16 наурыз 2026
Артық төленген зейнетақы жарналарын қалай кері қайтарып алуға болады
-
15:27, 16 наурыз 2026
Көлік салығын қалай есептеп, төлеуге болады
-
15:16, 16 наурыз 2026
Қазақстанда жол саласында ауқымды бұзушылықтар анықталды





