Көлік салығын қалай есептеп, төлеуге болады
© Фото: freepik
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға 2025 жыл үшін көлік құралдарына салынатын салықты (жеке тұлғалар үшін) 2026 жылғы 1 сәуірге дейін төлеу қажет екенін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салық сомасын мына тәсілдер арқылы есептеуге болады:
- Мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы "Көлік салығын есептеу" электронды қызметі арқылы;
- e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының "Калькуляторлар" бөлімінде.
Салықты есептеу үшін мына деректерді көрсету қажет:
- салық есептелетін жыл – 2025 жыл;
- көлік құралын нақты иеленген айлар саны;
- көлік құралының түрі;
- қозғалтқыш көлемі.
Салық мөлшерлемесі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) көлеміне және көлік құралының қозғалтқыш көлеміне байланысты анықталады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы АЕК мөлшері қолданылады. 2025 жыл үшін АЕК 3 932 теңге болып белгіленген.
Көлік салығы жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша төленеді.
Төлем жасауға арналған деректемелер:
- бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 104402;
- төлем мақсатының коды (ТМК) – 911;
- өсімпұл үшін ТМК – 912.
2025 жылға арналған көлік салығын жеке тұлғалар 2026 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей төлеуі тиіс.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:52, 16 наурыз 2026
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
-
16:47, 16 наурыз 2026
«Заңдылығы расталды»: тәуелсіз байқаушылар өткен референдумға баға берді
-
16:36, 16 наурыз 2026
Халықаралық бақылаушылар референдум жайлы көзқарастарын білдірді
-
16:30, 16 наурыз 2026
Қазақстан президенті туристік сала мен балалар спортын қолдауға арналған заңға қол қойды
-
16:22, 16 наурыз 2026
Паралимпиада чемпионы Головкиннің үндеуіне жауап берді





