Астана тұрғыны референдум учаскесінде сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады
© Сурет: видео скрині
Астанада жергілікті тұрғын республикалық референдум өтетін күнді пайдаланып, сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық өңірілік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
15 наурыз күні астаналық қыз бір күнде екі маңызды таңдау жасаған: әуелі жаңа Конституция жобасы бойынша дауыс беріп, учаскеден шыққаннан кейін сүйіктісінің үйлену туралы ұсынысына келісімін берген.
Әсерлі сәттің видеосы тарады: жігіт қызға сақина мен гүл шоғын ұсынған кезде айналасындағылар оны қолдап, куәгерлер қол шапалақтап тұрған.
"Бүгін мен екі рет "иә" дедім – өз таңдауым мен үйлену туралы ұсынысқа", – деді толқыған қыз.
Бұл сәтті көрген қала тұрғындары жұпты суретке түсіріп, құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Айта кетейік, сағат 18:00-дегі жағдай бойынша референдумда 8,8 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі дауыс беру уақытының аяқталуына байланысты шетелдегі алғашқы сайлау учаскелері жабылғанын мәлімдеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:12, 15 наурыз 2026
Қазақстанда референдумдағы дауыс беру аяқталды: дауыстарды санау басталды
-
19:52, 15 наурыз 2026
16 наурызда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:36, 15 наурыз 2026
Алматыда Наурыз мейрамына байланысты кейбір көшеде қозғалыс шектеледі
-
19:23, 15 наурыз 2026
Конституция есімді қазақстандық референдумда дауыс берді
-
19:15, 15 наурыз 2026
Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Жапониядағы Азия чемпионатында екінші орын алды





