Артық төленген зейнетақы жарналарын қалай кері қайтарып алуға болады

15:35, 16 наурыз 2026

© Фото: Zakon.kz

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мамандары міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарының қате есептелген сомаларын қайтару бойынша қызметті eGov.kz порталында ала алатындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап өтілгендей, соманы қайтару туралы өтінішті Порталда жұмыс берушінің өзі ақша кате есептелген қызметкерлердің атына жібереді.

Міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтару үшін бір өтініште тек 10 қызметкерге дейін бере алады. Егер сома одан да көп адамдарға түскен болса, онда тағы біреуін толтыру керек.

Бұл ретте, қызметкерлерге (соманы қате есептегендерге) eGov.kz порталының жеке кабинетінде өтінімге келісім беріп, қол қою қажет.

Содан кейін өтініш берушіге мәртебелік бетте өтінімге қол қойып, өтінішті өңдеу нәтижесін күту керек.

"Қызметтердің нәтижесі eGov.kz порталының мәртебелік бетінде және жеке кабинетінде Хабарлама түрінде қолжетімді болады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Қазақстанда жол саласында ауқымды бұзушылықтар анықталғанын жазғанбыз,

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!