16 наурыздағы сауда-саттықта теңге барлық валютаға қатысты нығайды
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
16 наурыз күні сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 486,20 теңгені құрап, тағы 4,49 теңгеге төмендеді.
Еуроның орташа өлшенген бағамы 557,90 теңге болып, 38,35 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы 5,98 теңгеге дейін түсіп, 0,14 теңгеге арзандады.
Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 70,66 теңгені құрап, 0,67 теңгеге төмендеді.
Айырбастау орындарында:
- доллар 485,5–488 теңге аралығында сатып алынып, сатылады;
- еуро 554,1–560,7 теңге аралығында;
- рубль 6–6,14 теңге аралығында айырбасталуда.
Сонымен қатар 16 наурызда әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр.
Лондондағы InterContinental Exchange биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 1,04 долларға қымбаттап, 104,18 долларды құрады.
Ал Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы 0,02 долларға өсіп, бір баррелі 98,73 доллар болды.
Бұған дейін таңертең Қазақстан Ұлттық банкі ресми бағамды:
- доллар – 491,29 теңге,
- еуро – 562,92 теңге,
- рубль – 6,1 теңге деп белгілеген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:24, 16 наурыз 2026
Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогын бір алтын медальмен аяқтады
-
17:15, 16 наурыз 2026
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды
-
16:52, 16 наурыз 2026
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
-
16:47, 16 наурыз 2026
«Заңдылығы расталды»: тәуелсіз байқаушылар өткен референдумға баға берді
-
16:36, 16 наурыз 2026
Халықаралық бақылаушылар референдум жайлы көзқарастарын білдірді





