Денсаулық сақтау министрлігі еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру тәртібін нақтылады
© Фото: freepik
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 17 қыркүйектегі бұйрығымен еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" немесе "Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметтерін алу үшін азаматтар жеке басын куәландыратын құжатты немесе сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисіндегі электрондық құжатты ұсына отырып, денсаулық сақтау ұйымдарына (қызмет көрсетушіге) жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтерді азаматтар медициналық ұйымға өз бетінше жүгіну арқылы немесе "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы ала алады.
Өтінішті электрондық түрде берген кезде жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер құжат иесінің келісімімен цифрлық құжаттар сервисінен алынады. Ол үшін "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы телефон арқылы бір реттік пароль жіберу немесе портал хабарламасына SMS арқылы жауап беру қажет.
Медициналық ұйымға өз бетінше жүгінгенде немесе портал арқылы өтініш бергенде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжат тапсырылған сәттен бастап 30 минуттан аспауға тиіс.
Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алу үшін пациент портал арқылы ЭЦҚ-мен қол қойылған сұрау салуды қалыптастырады. Қызмет көрсету нәтижесі "Жеке кабинетке" цифрлық құжат түрінде жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе дәлелді бас тарту.
Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама мына жағдайларда беріледі:
- білім беру ұйымдарында оқитын адамдардың жіті немесе созылмалы аурулары асқынғанда, жарақат алған және уланған кезде;
- алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде алған жарақаттар кезінде, сондай-ақ жіті алкогольдік немесе есірткілік улану жағдайында;
- басқа бұзылыстар мен аурулар асқынбаған созылмалы алкоголизм мен нашақорлықты емдеу кезінде;
- науқас балаға күтім жасау кезінде;
- консультативтік-диагностикалық ұйымдарда инвазивті зерттеу әдістері жүргізілетін кезеңде;
- жүктілікті жасанды түрде тоқтатқан кезде;
- білім беру ұйымдарында оқитын адамдардың жүктілігі және босануы кезінде;
- жаңа туған баланы немесе балаларды асырап алған кезде; санаторий-курорттық ұйымдарда емді жалғастырған кезде;
- карантин кезінде;
- ортопедиялық протездеу кезінде; еңбекке жарамсыздық белгілері ауысым соңына дейін байқалған жағдайда.
Мұндай анықтаманы кәсіпорындар мен ұйымдардың медициналық пункттерінің медицина қызметкерлері береді.
Бұл ретте қызмет көрсетуші жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Өтініш электрондық түрде берілген кезде де жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер құжат иесінің келісімімен цифрлық құжаттар сервисінен алынады. Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырылған сәттен бастап 30 минуттан аспайды.
Электрондық форматта мемлекеттік қызмет алу үшін қызмет алушы портал арқылы ЭЦҚ-мен қол қойылған сұрау салуды қалыптастырады. Нәтиже "Жеке кабинетке" электрондық құжат түрінде жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама немесе дәлелді бас тарту.
Қызмет көрсетуші мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері туралы деректерді цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Бұдан бөлек, жүктілікті жасанды түрде тоқтату операциясы кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын дәрігер бөлім меңгерушісімен бірлесіп операция жасалған стационарда және амбулаториялық-емханалық деңгейде болған уақытқа береді. Ал асқыну болған жағдайда құжат еңбекке уақытша жарамсыздықтың бүкіл кезеңіне рәсімделеді.
Өздігінен түсік болған жағдайда акушер-гинеколог дәрігер, ал ол болмаған кезде дәрігер бөлім меңгерушісімен бірлесіп, бақылау жүргізілетін жердегі ДКК қорытындысынан кейін медициналық ұйымның немесе көпбейінді стационардың үзінді көшірмесіне сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын еңбекке жарамсыздықтың бүкіл кезеңіне береді.
Бұл ретте медициналық цифрлық жүйедегі амбулаториялық пациенттің медициналық картасына тиісті жазба енгізіліп, пациенттің жағдайы, диагнозы мен асқынулары көрсетіледі.
Бұйрық 2026 жылғы 3 қазаннан бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:57, 24 қыркүйек 2026
БАҚ пен әлеуметтік желілердегі балағат сөз үшін жаза: Мәдениет министрлігі жаңа норманы түсіндірді
-
16:54, 24 қыркүйек 2026
Астанада үсік жүреді, Шымкентте найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 25–27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
-
16:50, 24 қыркүйек 2026
16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіде тіркелуге неге тыйым салынуы мүмкін
-
16:47, 24 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты
-
16:42, 24 қыркүйек 2026
Ұлытауда XXXIV республикалық «Ұлытау үні» фестивалі басталды





