Дағыстандағы Каспий жағалауында өлі итбалықтар табылды
© Сурет: Telegram/Минприроды Республики Дагестан
Дағыстандағы Каспий теңізінде жағаға шығып қалған 484 өлі итбалық табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 3 желтоқсанда Дағыстан Республикасының Табиғи ресурстар және экология министрлігі мәлімдеді. 322 өлі жануардың денесі Сулак өзенінің сағасынан Терекке дейінгі аралықта табылған. Қалғандары Махачкала, Карабудахкент, Каякент және Дербент аудандарының жағалауын тексеру кезінде табылған.
Ведомство журналистер мен блогерлерден асығыс қорытынды жасамауды және мамандардың ресми қорытындысын күтуді сұрады. Онда каспий итбалығының қырылуы – бүкіл Каспий аймағында жыл сайын кездесетін табиғи құбылыс екені атап өтілген.
"Жағалау аумақтарын тексеру жұмыстары жалғасады", – делінген ақпаратта.
Мамандар, сондай-ақ, каспий итбалығы Қызыл кітапқа енгізілгенін және мұндай әрбір жағдай мұқият әрі жедел зерттеуді қажет ететінін еске салды.
Бұған дейін Ресейде ең танымал Roblox платформасы бұғатталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:55, 5 желтоқсан 2025
Анасы өлтіріп, әжесін жарақаттаған: Ақтөбеде немересінің қолынан зардап шеккен кейуананың жағдайы қалай
-
09:42, 5 желтоқсан 2025
Қазақстанда нефрологиялық көмекті жетілдіру жоспарланып отыр
-
09:31, 5 желтоқсан 2025
Қазақстанның қай қалаларында ауа райы қолайсыз болады және тұрғындар нені білуі тиіс
-
09:23, 5 желтоқсан 2025
«Alatau» АЭА аумағы ұлғайтылды
-
09:14, 5 желтоқсан 2025
Елімізде балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін





