Цой 2 млн доза Pfizer вакцинасы жеткізілімінің кешеуілдеуіне не себеп екенін айтты

17:13, 23 шілде 2021

© Сурет: Reuters

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2 миллион доза Pfizer вакцинасы жеткізілімі процесінің неге орта жолдан бұзылғанын түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Вакцина жеткізілімінің кешеуілдеуіне әсер етіп жатқан әртүрлі жағдайлар бар, келіссөздер жүргізіліп жатыр. Біз процесті жылдамдатуға және вакцинаны уақытында жеткізуге тырысамыз, - деді министр ОКҚ-дағы брифингіде.

10 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қазақстандық нарыққа Pfizer вакцинасын жеткізу ісіне бөгет адамдарға шара қолдануды тапсырған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!