Чернобылдағы саркофаг негізгі қауіпсіздік функциясын жоғалтты - МАГАТЭ
© Фото: zakon.kz
МАГАТЭ тобы Чернобыль атом электр станциясындағы жаңа қауіпсіз конфайнменттің (ЖҚК) қауіпсіздігін кешенді бағалаудан кейін саркофаг қауіпсіздік функцияларын жоғалтқанын, оның қайта құрылымдауды қажет ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Мариано Гросси мәлімдеді.
"Өткен аптада МАГАТЭ-нің тағы бір тобы ақпан айында дрон соққысынан кейін қатты зақымдалған Чернобыль атом электр станциясындағы жаңа қауіпсіз конфайнменттің (ЖҚК) қауіпсіздігіне қатысты жүргізілген кешенді тексерісті аяқтады. Сонымен қатар аталған жайт салдарынан 1986 жылғы апаттан қираған реактордан радиоактивті шығарындылардың алдын алу үшін салынған ауыр болат құрылымның сыртқы қаптамасы өртенген. Миссия ЖҚК өзінің негізгі қауіпсіздік функцияларын, соның ішінде оқшаулау мүмкіндігін жоғалтқанын растады, сонымен қатар оның тірек конструкцияларына немесе бақылау жүйелеріне қатты зақым келтірмегенін анықтады", делінген МАГАТЭ-нің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы хабарламасында.
МАГАТЭ директоры қалпына келтіру жұмыстары қажет екенін айтты.
"Шатырда уақытша жөндеу жұмыстары жүргізілген, бірақ уақтылы және кешенді қалпына келтіру жұмыстарын қолға алу одан әрі бүлінудің алдын алу және ұзақ мерзімді ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әлі де маңызды", - деді Гросси.
МАГАТЭ миссиясының қорытындылары негізінде ылғалдылықты бақылау шаралары мен коррозияны бақылаудың жаңартылған бағдарламасын қоса алғанда, ЖҚК конструкциясын одан әрі қалпына келтіру және қорғаныс жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ апаттан кейін бірден реактордың үстінде салынған "Укрытие" объектісінің конструкциясын бақылайтын кешенді автоматты жүйені жаңғыртуды ұсынады.
2026 жылы Еуропалық Қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) қолдауымен Чернобыль атом электр станциясында ЖҚК-ның оқшаулау функциясын қалпына келтіруге жәрдемдесу үшін қосымша уақытша жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бұл арадағы шиеленіс аяқталғаннан кейін толық қалпына келтіру жұмыстарына жол ашады, делінген хабарламада.
"Нысанда үнемі болған МАГАТЭ тобы Чернобыль атом электр станциясындағы ядролық қауіпсіздік пен мүліктің қауіпсіздігін толық қалпына келтіру жөніндегі күш-жігерді қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасай беретін болады", - деді бас директор Гросси.
Чернобыль атом электр станциясындағы апат 1986 жылы 26 сәуірде төртінші энергия блогтағы эксперименттік сынақ кезінде болды. Басқарудағы қателіктерге байланысты жарылыс пен өрт болды. Атмосфераға үлкен көлемде радиация бөлінді, бұл жайт Припять пен басқа да ондаған елдімекендерді эвакуациялауға мәжбүр етті. Чернобыль атом энергетикасы тарихындағы ең ірі техногендік апат болды.
Апаттан кейін реакторды 1986 жылы асығыс салынған бетоннан жасалған "Укрытиемен" жапты. Бұл алғашқы саркофаг қираған блокты қоршаған ортадан оқшаулауы керек еді, бірақ уақыт өте келе ол да бүліне бастады. 2016 жылы оның үстіне жаңа болат қорғаныс күмбезі – жаңа қауіпсіз конфайнменті тұрғызылды. Ол ескі саркофагты толығымен жауып, радиоактивті шаң шығарындыларын азайтып, ішіндегі қираған құрылымдарды қауіпсіз бөлшектеуге мүмкіндік берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:57, 6 желтоқсан 2025
Түркістан облысында жұдырығына ерік берген шенеунік жұмысынан айрылып тынуы мүмкін
-
17:45, 6 желтоқсан 2025
«Боран, көктайғақ». Астана мен еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:52, 6 желтоқсан 2025
Кеңсайдағы өрт: бір отбасы баспанасы мен екі көлігінен айырылды
-
15:57, 6 желтоқсан 2025
Ақтөбедегі тұзға қатысты жағдай: Сауда министрлігі мәлімдеме жасады
-
14:53, 6 желтоқсан 2025
«Нарынқол» шекара заставасында әскери қызметші мен баласы қаза тапты





