Чарли Керктің өліміне қатысты жаңа мәліметтер пайда болды
© Сурет: wikipedia/Чарли Кирк
АҚШ-тың Юта штатының губернаторы Спенсер Кокс саяси белсенді Чарли Керкті өлтірді деп күдікке ілінген адамның қылмыс жасамас бұрын көршісіне Discord желісі арқылы бұталардың арасына жасырылған мылтықты қайта жасыратынын айтқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Баспасөз мәслихаты барысында ол полицейлердің қылмысқа дейін бір күн бұрын университет кампусы маңындағы орманда сүлгіге оралған Mauser 98k маркалы винтовканы тапқанын айтты. Жақын маңнан гравировкасы бар гильзалар да табылған. Олардың бетінде: Bella Ciao, "Получи, фашист" және "Егер мұны оқып жатсаң – сен гей, лол" деген жазулар болған.
Анықталғандай, Тайлер Робинсон қамауға алынған кезде видеобақылау камераларындағы жазбада киген киімімен бірдей киінген: ұзын жеңі бар қара футболка, онда америкалық тудың бейнесі бар, қара көзілдірік, Adidas кепкасы, джинсы шалбар және Converse кедысы.
Робинсонның туыстары соңғы уақытта оның саясатқа көбірек қызығушылық танытып, Чарли Керкті жиі сынға алғанын айтқан.
Чарки Кирк Трамптың ең сенімді серіктерінің бірі әрі ықпалды жастар белсендісі ретінде танылған. Ол 10 қыркүйек, сәрсенбі күні Юта университетінде сөз сөйлеп тұрған сәтінде белгісіз адам тарапынан атылып, қаза тапты. Күдіктіні ұстауға көмектескендерге ФБР сыйақы жариялады. Көп ұзамай, күдікті де анықталды, ол небәрі 22 жастағы бозбала.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:02, 9 маусым 2026
Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде полицейлер зардап шекті
-
22:07, 9 маусым 2026
Түркістан облысында бір жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кетті
-
21:58, 9 маусым 2026
Алматыда полиция жүк тасымалына бақылауды күшейтті
-
21:12, 9 маусым 2026
10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:49, 9 маусым 2026
Қостанай облысындағы трассада болған жол апатынан екі адам қаза тапты





