Бүлікшілер медбике қызды науқастардың көзінше зорлаған

12:27, 26 қаңтар 2022

© Сурет: pixabay

Елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде ереуілшілер ауруханаға басып кіріп, науқастардың көзінше медбике қызды зорлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Turkystan.kz сайты таратан ақпаратқа сүйенсек, бұл туралы заңгер Абзал Құспан YouTube-арнаға берген сұхбатында мәлімдеген. Оның айтуынша, бейнежазбаға түсіп қалған қылмыстық істерді көргенде төбе шашың тік тұрады.

Мәселен, бүгін бостандыққа шығарған 11 адамның ішінде ауруханаға жарақатпен түскендері бар. Сол адамдардың көзімен көргені: ереуілшілер ауруханаға басып кіріп, науқастардың көзінше бір медбике қызды зорлап тастаған. Ол – полиция қызметкері емес, ереуілге қатысқан бұзақы топтардың жасап отырған ісі. Осы сияқты жағдайларды айтсақ, талай адам түңіліп кетер еді. Абзал Құспан

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!