Бүгін Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы болжанады

10:19, 18 қаңтар 2018

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерде қар жауып, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерінде тұман түсуі мүмкін. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болып, Павлодар облысында тұман түседі деп болжанады. Ақмола, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде қатты жел соғып, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде тұман түседі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!