Бүгін Алматыда қаралы қауым Жақсылық Үшкемпіровпен қоштасты

16:52, 4 тамыз 2020

Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері, Олимпиада чемпионы - марқұм Жақсылық Үшкемпіровтің денесі бүгін жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жазды.

"Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық аға Үшкемпіровты ақтық сапарға аттандырдық. Кеңсайға қойылды. Аты ғана емес, заты да Жақсылық еді жарықтықтың. Мені еркелетіп "бала" дейтін. "Бала қалайсың?" деп арқамнан қағатын. Қазақтың "жақсыда жаттық жоқ" деген сөзінің мәнін мен осы кісіге қарап бағамдадым. Қаймана қазақты жатсынбай бауырына тартатын. Ұлтты бөлмей сүйетін. Қашан көрсең жарқылдап жүретін. Өзі айтқандай, Жақсылық ағамыздай бес мың жігіт болса, күллі қазақ ауылдарын дүркіретіп көтеруге болады. Аты жаман дерт талай асылымыздан айырды. Ендігі қалған жұртқа Алла амандық берсе екен. Мәңгілік мекенінде боз төбе болып қалды, қайран ер! Бақұл болыңыз, Жақсылық аға!" делінген жазбада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!