«Бөтелке мойны» қағидаты өз нәтижесін көрсетуде: Алматыда жол бойында түнгі уақыттағы бақылау күшейтілді
© Фото: unsplash
Алматыда полицейлер танымал даңғылдардың бойында "бөтелке мойны" қағидаты бойынша түнгі тексеріс өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Негізгі назарға Рысқұлов, Райымбек даңғылдары мен Саин көшесі ілікті. Полицейлер бұл аумақта жол-көлік оқиғасының жиі болатынын атап өтті.
"Мобильді бекеттер көлік ағыны тарылып, бақылаудағы учаске арқылы өтетін, яғни "бөтелке мойны" қағидаты бойынша ұйымдастырылды. Нәтиже де соны көрсетіп отыр. Бір ауысым барысында осы бағыттарда полицейлер 76 әкімшілік хаттама толтырды. Мас күйінде көлік басқарған екі жүргізуші анықталды. Ал тағы 12 құқық бұзушылық жол-көлік оқиғаларымен байланысты". Алматы қаласы ПД
Патрульдік полиция қызметкерлерінің назарына қауіпті маневрлер жасау, жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын бұзу, қажетті құжаттардың болмауы және ауыр жол апатына себеп болуы мүмкін өзге де құқық бұзушылықтар ілікті.
"Мұндай мобильді бекеттердің дәл осы жерлерде қойылуы кездейсоқ емес. Бұл – жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін учаскелер. Сондықтан мұндағы бақылау статистика үшін емес, ең алдымен, адам қауіпсіздігі үшін қажет",- деп атап өтті мамандар.
Полиция қаладағы жол-көлік оқиғасы жиі болатын учаскелерде бақылауды күшейтуді жалғастыратындығы атап өтілді. Ондағы мақсат – қауіпті құқық бұзушылықты оның жол-көлік оқиғасына ұласуына дейін тоқтату.
Бұған дейін жазғанымыздай, 7 тамыз күні таңертең Алматыдағы Саин көшесінің бойындағы "Domillion" сауда орталығының қарсы бетінде рөлде қалғып кеткен такси жүргізушісі жол-көлік оқиғасына ұшыраған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:45, 11 тамыз 2026
Алматыда Центральная көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады
-
14:32, 11 тамыз 2026
Байланыс операторларының қоңыраулары қалай таңбаланады
-
14:28, 11 тамыз 2026
Қазақстандықтардың өтініштері 15%-ға азайды – Әділет министрлігі
-
14:20, 11 тамыз 2026
Қазақстанда eGov порталының жаңа нұсқасы іске қосылды: оның қандай артықшылықтары бар
-
14:12, 11 тамыз 2026
11 тамыздан бастап Алматыдағы көлік көп жүретін көшелердің бірінде қозғалыс өзгереді





