«Боран соғып, аяз болады». Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
© Сурет: unsplash
Астанада, Алматыда және Қазақстанның 16 облысында 9 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауып, көктайғақ болады, ал облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Жезқазғанда 9 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп болжанады.
Қарағанды облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда 9 желтоқсанда қар жауады, көктайғақ болады, күндіз жаяу бұрқасын жүреді, кей уақыттарда тұман білінеді деп болжанады.
Түнде Алматы облысының таулы аудандарына қалың қар түседі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 10 желтоқсанда Алматы облысында сынап бағаны түнде -7,-12, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында -15, -20 градус аязды көрсетеді, 11 желтоқсанда -12, -17, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында -20,-25 градусқа дейін төмендейді. Қонаевта 9 желтоқсанда кей уақыттарда тұман болып, солтүстік-батыстан соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с қамтиды. Алматыда 9 желтоқсанда кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз кей уақыттарда көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда 9 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, күндіз көктайғақ болады деп күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда 9 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ болады деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оралда 9 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп болжанады.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады, бұрқасын жүріп, көктайғақ, болады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде қалың қар түседі, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Семейде 9 желтоқсанда қар жауады, күндіз бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15-18 м/с құрайды.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстігінде қалың қар жауады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүсігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өскеменде 9 желтоқсанда қар жауады, күндіз бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Шымкент пен Түркістанда 9 желтоқсанда кей уақыттарда тұман түседі деп болжанады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар жауады, бұрқасын жүреді, облыстың батысында тұман болады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда 9 желтоқсанда солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Астанада 9 желтоқсанда қар жауып, бұрқасын жүреді, түнде көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда 9 желтоқсанда түнде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-18 м/с.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың оңтүстігінде көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 9 желтоқсанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында да тұман болады деп күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер еліміздің үш ірі қаласы бойынша алдағы үш күнге (9-11 желтоқсан) арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:29, 8 желтоқсан 2025
Семсерлесуші Руслан Курбанов Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді
-
20:47, 8 желтоқсан 2025
Оңтүстікте тойда өлең айтқан бұрынғы келініне қол көтерген ер адамға қатысты сот үкімі шықты
-
20:20, 8 желтоқсан 2025
Жапонияда қатты жер сілкінісі болды
-
19:59, 8 желтоқсан 2025
«Қатты аяз болады». Елордалық ТЖД қала тұрғындарына жүгініп, мәлімдеме жасады
-
19:54, 8 желтоқсан 2025
«Қайрат» – «Олимпиакос»: Астана Арена стадионына қалай тез әрі тегін жетуге болады





