«Боран, көктайғақ». Астана мен еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
© Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК 2025 жылдың 7 желтоқсанында Астана, Шымкент және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астанада көктайғақ болады деп болжанады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда 7 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ болады деп болжанады.
Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі.
Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады.
Түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Қызылордада 7 желтоқсанда кей уақытта тұман болады деп күтіледі.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде және күндіз аздап қар жауады, облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда 7 желтоқсанда көктайғақ болады деп күтіледі.
Жетісу облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өскеменде 7 желтоқсанда көктайғақ болады деп күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Семейде 7 желтоқсанда түнде көктайғақ болады деп күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. Қарағандыда да 7 желтоқсанда көктайғак, тұман болады деп күтіледі.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оралда 7 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түсу ықтималдылығы жоғары.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ, кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Таразда 7 желтоқсанда кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Шымкент пен Түркістан қалаларында да 7 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Ақмола облысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда 7 желтоқсанда көктайғақ болады деп күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге (7-9 желтоқсан) арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:57, 6 желтоқсан 2025
Түркістан облысында жұдырығына ерік берген шенеунік жұмысынан айрылып тынуы мүмкін
-
16:52, 6 желтоқсан 2025
Кеңсайдағы өрт: бір отбасы баспанасы мен екі көлігінен айырылды
-
16:30, 6 желтоқсан 2025
Чернобылдағы саркофаг негізгі қауіпсіздік функциясын жоғалтты - МАГАТЭ
-
15:57, 6 желтоқсан 2025
Ақтөбедегі тұзға қатысты жағдай: Сауда министрлігі мәлімдеме жасады
-
14:53, 6 желтоқсан 2025
«Нарынқол» шекара заставасында әскери қызметші мен баласы қаза тапты





