Бокстан елордадағы Әлем кубогы: Аида Әбікеева алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

21:23, 2 шілде 2025

© Сурет: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Астанада өтіп жатқан Әлем кубогындағы алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

65 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында отандасымыз Ұлыбритания елінің өкілі Дионе Бурманмен кездесті.

Аида Әбікеева жекпе-жек басталысымен-ақ басымдық танытты. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен қазақстандық былғары қолғап шебері ширек финалға өтті.

Бұған дейін Виктория Графеева бокстан Астанадағы Әлем кубогында екінші жеңісіне қол жеткізгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!