Боксшы Нұрбек Оралбай Азия чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

17:25, 7 сәуір 2026

© Сурет: olympic.kz

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Нұрбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 85 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында моңғолиялық Бариахан Доржбен қолғап түйістірді.

Алғашқы раундта жерлесіміз қарсыласын нокдаунға түсіріп, басымдыққа ие болды. Екінші және үшінші раундта да үстемдік еткен Нұрбек Оралбай төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) финалға өткен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!