Ақтауда мектеп оқушысы биіктіктен құлап қаза тапты

21:35, 6 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

2026 жылғы 6 сәуірде Ақтаудағы 13-ші шағын аудандағы тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды. 15 жасар қыз биіктіктен құлап қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының жазуынша, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеген, аумақ қоршалған. Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, суицид мүмкіндігі қарастырылып отыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.


Бұған дейін Павлодарда ер адам қорғансыз мысықты құтқарамын деп қаза тапқанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!