БҚО ПД өңірдегі жантүршігерлік жол апатынан полиция қызметкері мен оның әйелі қайтыс болғанын растады

13:16, 26 тамыз 2024

© Сурет: БҚО ПД

Батыс Қазақстан облысында жол апаты салдарынан төрт адам қайтыс болды. Олардың бірі полиция майоры, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.


"2024 жылдың 24 тамызында әріптесіміз — Қаратөбе аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Карабаев Марлен Сахметұлы 42 жасында мезгілсіз қайтыс болды",- делінген хабарламада.

Оның еңбек жолын қатардағы қызметкерден бастағаны аталып өтілді.

"Ол көп жылдар құқық қорғау саласында қызмет етіп, еңбек жолын қатардағы қызметкерден бастап, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары лауазымына дейін жеткен еді.Ішкі істер саласында абыройлы еңбек етіп, заң мен құқықтық тәртіпті сақтауға, қоғамдағы әлеуметтік мәселелелерді шешуге де белсене атсалысты. Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығы және жеке құрамы марқұмдардың туыстары мен бауырларына және артында қалған балаларына қайғыра көңіл айтады!"БҚО ПД баспасөз қызметі

Марқұмдардың артында бес баласы қалған.

Қайғылы оқиға 24 тамызға қараған түні Қазталов — Орал тасжолының Жалпақтал ауылының маңында болған. "ГАЗ-3102" автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол бойында тұрған КАМАЗ көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі — кәмелетке толмаған бала. Анықталғандай, қайтыс болған тағы екі адам ерлі-зайыпты. Олардың артында, жеті баласы қалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!