БҚО-да республикалық тас жолды су басты

13:25, 27 наурыз 2024

© Сурет: Telegram/qazavtojol

Халықаралық және Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ 2024 жылғы 27 наурызда Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 26 наурыз күні сағат 23:30 шамасында қар мен мұздың қарқынды еруінің салдарынан республикалық маңызы бар автожолдың 479 шақырымының (Қоскөл ауылы) жол жүру бөлігін су алған. Оның ауданы 50 метр, ал биіктігі шамамен 10 сантиметр.

"Аталмыш жолдың осы учаскесінде жол төсемінің деңгейінің төмендеуі анықталып, максималды қуатта жұмыс істейтін құбыр (диаметрі - 4х2,5 м) орнатылды. Қазіргі уақытта еріген суды алдын алу мақсатында инертті материалдар толтырылған қаптарды төсеп, белгісі бар бағандар орнатылуда. Көлік қозғалысы шектелген жоқ",- делінген "Қазавтожол" Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.

Жағдайды тұрақтандыру үшін 15 адам және төрт техника жұмылдырылған.

"Қазіргі уақытта құмды қаптарды (500 дана) пайдалана отырып, жағалауларды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Кезекшілік қызметі тәулік бойы ұйымдастырылады""ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ баспасөз қызметі

2024 жылдың 26 наурызында Орал қаласында нөсер жауын жағымсыз тосынсыйлар әкелді - қала әкімдігі ғимаратын су басты. Аталмыш жағдайға БҚО әкімі Нариман Төреғалиев жауап беріп, 27 наурызда Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жариялады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!