БҚО-да полиция мемлекеттік нөмірді өзгертетін құрылғыны анықтады
© Сурет: ҚР ІІМ
Самара – Шымкент республикалық маңызы бар автожолында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзудың ерекше дерегін анықтады.
Патрульдеу барысында 47 жастағы жүргізуші басқарған VOLVO жүк көлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде стандартты бақылау күтпеген жайтқа ұласты.
Тексеру барысында көлік құралы мемлекеттік тіркеу нөмірін сәйкестендіруге кедергі келтіретін арнайы механизммен жабдықталғаны анықталды.
Арнайы батырманы басқан кезде нөмір белгісі төмен түсіп, оның көрінуі өзгерген. Құрылғы салонда, руль дөңгелегінің оң жағында орналасқан батырма арқылы басқарылған. Осылайша жүргізуші мемлекеттік нөмірді қалаған сәтте жасыра алған.
Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерге көлік құралдарының пайдалану қағидаларын қатаң сақтауды ескертеді. Көлік конструкциясына мемлекеттік нөмірдің көрінуіне әсер ететін өзгерістер енгізу — заң талаптарын бұзу болып табылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:27, 19 ақпан 2026
Қазақстанға дауыл мен қарлы боран жақындап келеді
-
18:01, 19 ақпан 2026
Синоптиктер Алматыда неге күннің күрт жылып кеткенін түсіндірді
-
17:46, 19 ақпан 2026
«Қазақстан дұрыс бағытта»: Еуропалық сарапшы институционалдық жаңғырудың мәнін түсіндірді
-
17:24, 19 ақпан 2026
Қазақстандық теннисші Дубайдағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды
-
17:20, 19 ақпан 2026
Bolashaq.me жасөспірімге еңбек нарығы өзгерген заманда қандай бағыт береді





