БҚО-да полицей мен оның әйелінің өмірін қиған жол апаты: дәрігерлер балалардың жағдайы туралы айтты

19:59, 28 тамыз 2024

© Сурет: Zakon.kz

Дәрігерлер 28 тамызда Батыс Қазақстан облысында жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайы туралы баяндады. Қайғылы оқиға төрт адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, 10 жасар баланы сол күні санавиация облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізген. Сегіз жасар бала кейін Оралға жіберілді.

"Бір баланың жағдайы ауыр деп бағаланады. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Екінші бала нейрохирургия бөліміне орналастырылған. Оның жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланады". БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

24 тамызда сағат 8:20-да Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында "ГАЗ-3102" жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол бойында тұрған КАМАЗ-ға соғылды. Салдарынан төрт адам қаза тапты, оның ішінде АІІБ бастығының орынбасары және оның әйелі де бар. Тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды, оның екеуі - бала. Кейін БҚО ПД полиция қызметкері мен оның әйелінің қайтыс болғанын растады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!