БҚО-да көкжөтел жұқтырған 7 жағдай тіркелді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері көкжөтел жұқтырған 7 жағдай тіркелді.
Барлығы да 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
Ауру көбіне балабақшаға немесе мектепке бармайтын балалар арасында және Орал қаласында тіркеліп отыр. Ауырған балалардың барлығы вакцина алмаған, деп жазады qazaqstan.tv.
Екі жағдайда ата-аналар екпеден бас тартқан, ал бес бала әлі екпе алатын жасқа жетпеген. Жалпы көкжөтел кезінде 6–20 күнге дейін жасырын кезең саналады.
Ал дем алуы қиындайтын уақыт бір айдан да ұзаққа созылуы мүмкін.
Сондықтан көкжөтелдің алдын алып, уақтылы вакцина салдыру қажет дейді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.
Айта кетейік, вакцинация ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес, жоспарлы түрде баланың 2 айында, 3, 4 және 18 айында жүргізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:29, 1 сәуір 2026
Алматыда полицияның бұрынғы тергеушісі қылмысты жасырғаны үшін сотталды
-
15:15, 1 сәуір 2026
Алматыда кенеге қарсы дәрілеу жұмыстары басталды
-
15:06, 1 сәуір 2026
Қызылордада шенеуніктер инвесторларға заңсыз айыппұл салғаны үшін жазаланды
-
14:54, 1 сәуір 2026
Түркістан облысында бұзақылық жасаған жасөспірімдер ұсталды
-
14:46, 1 сәуір 2026
Алматыда ауа температурасы +29°С-қа дейін көтеріледі





