Сәуірдің алғашқы күнінде елдің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

21:40, 31 наурыз 2026

© Фото: pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 1 сәуірде елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оралда күндіз қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-18 м/с күтіледі. Ақтөбеде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 01 сәуірде күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қостанайда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Петропавлда тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында 15-18 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында найзағай күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодарда түнде және таңертен тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда найзағай күтіледі.

Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Ақтауда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!