Түркістан облысында бұзақылық жасаған жасөспірімдер ұсталды

14:54, 1 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz

Түркістан қаласы полиция басқармасына жергілікті тұрғындардан Тұран мөлтек ауданындағы Іркөл көшесінде орналасқан аялдаманың әйнегі сынғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел түрде тексеру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда жақын маңдағы дүкендер мен нысандардың бейнебақылау камералары тексерілді.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары мемлекет мүлкіне зиян келтірген үш жасөспірімді анықтады. Оқиғаға байланысты жасөспірімдердің ата-аналарымен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция қызметкерлері мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуде.

Тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларға қоғамдық мүлікке ұқыптылықпен қарауды, заң талаптарын сақтауды және өзгенің еңбегін құрметтеуді үйретуге шақырады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!