Алматыда полицияның бұрынғы тергеушісі қылмысты жасырғаны үшін сотталды
© Фото: Zakon.kz
Арнайы прокурорлар Алматы қаласы Наурызбай ауданы Полиция басқармасының бұрынғы тергеушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
2026 жылдың 1 сәуірінде Алматы қаласының прокуратурасы таратқан ақпаратқа сай, тергеу барысында тергеуші 14 қылмыстың жасалғаны туралы мәліметтер қолында бола отырып, оларды тіркеуді қасақана жасырып, қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудың белгіленген тәртібін бұзғаны анықталды.
Жүргізілген кешенді тергеу әрекеттері айыпталушының құқыққа қарсы әрекетін растады.
Күдіктінің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 433-бабы 2-бөлігімен сараланды.
Сот үкімімен бұрынғы тергеуші кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте 3 жыл мерзімге қызмет атқаруға тыйым сала отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Сондай-ақ сотталған "полиция лейтенанты" арнаулы атағынан айырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:54, 5 сәуір 2026
Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
-
17:15, 5 сәуір 2026
Алматыда бір датчиктің арқасында 8 адам аман қалды
-
16:42, 5 сәуір 2026
6 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:12, 5 сәуір 2026
Боксшы Ерасыл Жақпеков Азия біріншілігінде әлем чемпионына жол берді
-
15:51, 5 сәуір 2026
6 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады





