Алматыдағы атышулы «Бағанашыл» балалар үйіне қатысты жағдай жалғасын тапты
© Сурет: gov.kz
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы атышулы "Бағанашыл" балалар үйін бұзу жұмыстары басталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті 2026 жылғы 31 наурызда оңтүстік астана әкімдігіне қарасты басқарма өкілдері растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қалалық Білім басқармасының мәліметінше, 2025 жылғы 13 қазанда "Integra Construction" ЖШС мен қалалық Құрылыс басқармасы жаңа нысанды жобалау бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.
"Техникалық тексеру нәтижесінде әкімшілік және оқу корпустары, сондай-ақ спорт және акт залдарының ғимараттары сейсмикалық тұрғыдан күшейтуге жарамсыз екені анықталып, оларды бұзу қажет деп танылған. Қазіргі таңда аталған ғимараттарды демонтаждау (бұзу) жұмыстары толық аяқталған",- делінген ақпаратта.
Ведомствоның мәліметінше, жоба аясында жатын корпусын қайта жаңғырту, сондай-ақ жаңа оқу, спорт, әкімшілік ғимараттар мен асхана салу жоспарланған.
"Жұмыстарды аяқтау мерзімі – осы жылдың IV тоқсаны". Алматы қалалық Білім басқармасы
Еске сала кетейік, 2025 жылдың жазында "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматының тау бөктерінен Қонаев қаласындағы жаңа ғимаратқа көшіру туралы шешім қабылданған еді. Бұл жағдай қоғамда үлкен дау туғызды, нәтижесінде оған Президент араласты.
Кейін балаларды көшіру тоқтатылып, балалар үйіне Президент Әкімшілігінің комиссиясы келіп, қызметтік тексеріс жүргізген. 2025 жылдың тамыз айында осы оқиғаға байланысты үш шенеунік - облыс әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков, Білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева, Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбітов - қызметінен босатылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:22, 31 наурыз 2026
Римма Волосенко бокстан Азия чемпионатының 1/4 финалына шыға алмады
-
18:06, 31 наурыз 2026
Қазақстандық оқушы пластик қалдықтарынан эко-асфальт өндіру технологиясын ойлап тапты
-
17:46, 31 наурыз 2026
Синоптиктер республика бойынша 1 сәуірде күн құбылмалы болатынын ескертті
-
17:39, 31 наурыз 2026
Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтаудың кешенді жоспарын бекітті
-
17:25, 31 наурыз 2026
Павлодарда интернет-алаяқтыққа пайдаланылған sim-box құрылғылары әшкереленді





