БҚО-да азамат жалған ақшамен бәс тігіп, 14 млн теңге иемденген

13:33, 18 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны жалған шетел валюталары арқылы 14 миллион теңгені заңсыз иемденген. Ол әуелі 25 мың АҚШ доллары мен 10 мың еуро көлеміндегі жалған ақшаны сатып алған.

Кейін оны лото ойындарына салып, бәс тігеді. Ал ұтыс қаржысын теңгемен алады. Сөйтіп алаяқтық әрекетімен 14 миллион теңгені алдап алып кетті деген күдікке ілінді.

Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті осы дерекке қатысты тергеуді аяқтады. Іс сотқа жолданды, деп жазады qazaqstan.tv.

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған шетел валюталарының қайда жасалғанын және жеткізу каналдарын анықтау үшін жедел іздестіруді қолға алды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!