Биыл 2100-ден аса адамға қатерлі ісік диагнозы қойылды

14:49, 27 желтоқсан 2024

© Фото: primeminister.kz

Биыл елімізде 2 мың 100-ден астам адамнан қатерлі ісік анықталды.

Скринингтік зерттеулер нәтижесін Денсаулық сақтау министрлігі жариялады. Елімізде онкологиялық ауруларды ерте анықтау бағдарламасы бар.

Оның аясында биыл жас шамасына қарай 2,5 млн-нан астам адам тексерістен өткен. Нәтижесінде, сүт безі обырына қатысты зерттеуден өткен 830 мыңнан астам әйелдің 1,5 мыңында қатерлі ісік анықталған.

Ал жатыр мойны обырына тексерілген 700 мыңнан астам қыз-келіншектің 359-на осы диагноз қойылған. Ал ішек қатерлі ісігі бойынша 50 мен 70 жас аралығындағы 900 мыңнан астам ерлер мен әйелдер қамтылды. Олардың 7 826-нан обырға дейінгі белгілер анықталса, 356-да рак расталған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!