Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын шыға алады ма: Әділет министрлігі жауап берді

12:48, 16 мамыр 2024

© Сурет: ҚР Жоғарғы Сотының Telegram-арнасы

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова 16 мамырда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу шарттарын атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Шартты түрде мерзімінен бұрын босату бойынша бізде мүмкіндіктер қарастырылған. Оны пайдалану үшін жазасын өтеушіге қатысты оң сипаттамалар қажет. Бірақ бұл жағдай аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жазаның 2/3 бөлігін өтегеннен кейін ғана іске асады. Сонымен қатар, жәбірленуші тараптың келісімі қажет, дегенмен шешімді сот қабылдайтынын тағы бір рет атап өткім келді. Екіншіден, біз осы үкімнің нақты күшіне енуін күтуіміз керек. Сондықтан осы кезеңде мен қандай да бір түсініктеме бере алмаймын", - деді Ботагөз Жақселекова.

Оның айтуынша, мұндай шешім қабылдау кезінде бірқатар факторлар ескеріледі.

"Мінез-құлықпен, жазаны өтеу шарттарымен қатар, олардың барлығы сотта қаралады. Өтінішті жазасын өтеп жатқан адам орналасқан мекеме жазады", – деді спикер.

Ол Бишімбаевтың денсаулығына байланысты бостандыққа шыға ала ма деген сұраққа да түсініктеме берді.

"Денсаулық жағдайына байланысты шығуы сот шешімімен жүзеге асады. Сізге дәл қазір заң бөлігін айтып бере алмаймын. Бірақ бәрін міндетті түрде ашып айтамыз. Бізде бұл жағдайлардың барлығы қарастырылған. Бірақ кез келген жағдайда шешімді сот қабылдайды", – деп түйіндеді вице-министр.

Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айрылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!