Терроризмге қарсы күрес жөніндегі штаб Орал тұрғындарына жүгінді

09:33, 31 қазан 2024

© Сурет: Терроризмге қарсы комитет

2024 жылғы 31 қазанда облыс орталығының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Батыс Қазақстан жедел штабының бастамасымен терроризмге қарсы жоспарлы жедел-тактикалық оқу-жаттығу өткізілетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты, 31 қазан күні сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін ҚР ҰҰ 5517 ә/б ауданында (Жуков к-сі, 6), ҚР ҚМ 99250 ә/б (Көкшетау к-сі, 1/6) автокөлік пен халықтың қозғалысына, сондай-ақ Орал-Самара тасжолының (Орал қаласынан шығу, 247 км.) бұрылысынан Бәйтерек ауданы Макарово ауылы бағытындағы "Степной" саяжай қоғамына дейін қысқа мерзімді шектеулер енгізілетін болады.

"Қозғалыс маршруттарын алдын ала жоспарлап, сабырлық танытып, құқық қорғау қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауларыңызды сұраймыз".Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың БҚО бойынша БАҚ-пен өзара іс-қимыл тобы

Бұған дейін Астана әуежайында іздеуде жүрген Әзірбайжан азаматы ұсталғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!