«Бірі рөлде болған». БҚО-да жол апатынан қос жасөспірім қаза тапты
© Сурет: БҚО ПД баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысында "Переметное-Белес" тас жолында екі көлік соқтығысып, салдарынан 17 жастағы жүргізуші мен 15 жастағы жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апаты 21 сәуірде сағат 11: 00 шамасында болған.
"Jac N 56 және VAZ 2110 маркалы көліктер соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 2008 жылғы жүргізушісі мен 2010 жылғы жолаушысы, яғни екі кәмелетке толмаған жасөспірімдер көз жұмды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ", - деп атап өтті полиция департаменті.
Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы алда анықталатын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:46, 27 маусым 2026
Алматыда хандар киген мұрақтар, билер киген бөріктер көпшілік назарына ұсынылды
-
17:35, 27 маусым 2026
Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады
-
16:50, 27 маусым 2026
ЕКПА депутаттары Қазақстандағы саяси реформаларды қолдады
-
16:31, 27 маусым 2026
«Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды». Еліміз бойынша 28 маусымға арналған ауа райы болжамы
-
15:47, 27 маусым 2026
Алматыда 14 гектардан астам пайдаланылмай жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылды





