Бір тәулік ішінде Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанның 1,7 мыңнан астам азаматы ұшып шықты
© Сурет: freepik
2026 жылғы 8 наурызға қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанның 1,7 мыңнан астам азаматы арнайы рейстермен отанға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
7 наурыздан 8 наурызға қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға Air Astana, SCAT, Flydubai және Air Arabia әуе компаниялары 11 рейс орындап, нәтижесінде елге 1 786 жолаушы жеткізілді, делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.
8 наурыз күні де қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары азаматтарды Қазақстанға қайтару үшін тағы бірнеше рейс орындауды жоспарлап отыр.
"3 наурыздан бері Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 37 рейс жасалып, 6 254 адам елге оралды. Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының үйлестіруімен жалғасып жатыр", делінген хабарламада.
Бұған дейін Ираннан Қазақстанның қанша азаматы шығарылғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:31, 22 сәуір 2026
9000 шақырымға жуық жол: 2026 жылы Қазақстанда қандай тас жолдар жөнделеді
-
22:06, 22 сәуір 2026
Жаңбыр, бұршақ және тұман: Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:42, 22 сәуір 2026
Қатыгездікпен өлтірілген: Павлодар облысында әйелдің мәйіті табылды
-
21:29, 22 сәуір 2026
Қазақстанда ақылы жолдар саны көбейеді
-
21:11, 22 сәуір 2026
Рудныйлық полицейлер пара алды деген күдікпен ұсталды





